Оқиға • 30 Желтоқсан, 2021

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырған төрт адам сотталды

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырған төрт адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырған төрт адам сотталды

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, қаржы пирамидасына қатысты төрт қылмыстық іс аяқталған.

Осы қылмыстар нәтижесінде 500-ге жуық адам зардап шеккен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 1,5 миллиард теңге.

«Олардың бірі - 33 жастағы А.Лим есімді азамат, 2017 жылдың ақпанынан 2018 жылдың тамызына дейін алаяқтық мақсатта азаматтардың қаражатын алып отырған. Кейін "LS ins" ЖШС құрған. Азаматтар салған қаражатты толық көлемде қайтаратынына жалған кепілдік беріп, спорттық ойындарға ақша тігу арқылы пайда көргісі келген. Ол салынған қаражат бойынша сыйақыны кез келген уақытта, түрлі тәсілмен, оның ішінде картаға, банк шотына немесе кеңсеге аудару арқылы алуға болатынын айтқан.  Алданған азаматтардың арыздары бойынша 188 қылмыстық іс тіркелген. Жалпы келтірілген шығын - 1 440 281 000 теңге», деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Алмалы аудандық сотының қаулысымен Лим А. есімді азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, Тергеу басқармасында Д.Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әлеуметтік желі арқылы инвестициялық жоба ашылғанын мәлімдеген.

«Жоба букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ, әртүрлі бизнес жобаларға ақша тігіп, салым салу арқылы қаражатты көбейтуге бағытталған. Салымшылар 30 пайыз және 50 пайыз пайда алу үшін Д.Алдабергенова және басқа адамдардың банк карталарына ақша аударған. Бірақ олар қаражатты аударса да, пайда көрмеген. Күдікті Алмалы аудандық сотының шешімімен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды», деді Әбдірахманов.