Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2021

Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

6720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2022 жылғы 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

«Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклон республикамыздың батысына жауын-шашын (көбінесе қар) алып келеді. Кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді.

Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елімізде жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ болып, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды және аяздың беті қайтады. 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10...18, күндіз 3-8 градус суық болады. Оңтүстік жартысында термометр бағаны 0-5 градусқа жетеді, кей жерлерде 0 ... 10 суық, күндіз 3 ... 13 жылы болады.