Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді.