Қазақстан • 01 Қаңтар, 2022

Бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында төменгі бұрқасын, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 18 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жел соғады, екпіні 29 м/с және одан да көп.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.