Теннис • 02 Қаңтар, 2022

Елена Рыбакинаның Аделаидадағы қарсыласы анықталды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакинаның Аделаида WTA 500 турниріндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакинаның Аделаидадағы қарсыласы анықталды

Аустралия ашық чемпионаты қарсаңындағы бұл турнир 3-9 қаңтар аралығында өтеді.

Е.Рыбакина алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған, ол дүниежүзілік рейтингте 132-сатыда тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен кездеседі.

Бірінші кезеңде сондай-ақ өткен жылғы Индиан-Уэллс турнирінің финалистері, испаниялық Паула Бадоса мен Беларусь өкілі Виктория Азаренко шеберлік байқасады. Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, аустралиялық Эшли Барти мен белоруссиялық Арина Соболенко турнирді екінші айналымнан бастайды.