Төтенше жағдай департаменті мен полиция қызметкерлері Александров ауылдық округінің маңайында жедел іздестіру-құтқару шараларын бастап, артынша оған еріктілер жасағы қосылды.
Қостанай ауданы әкімдігінің мәліметінше, жоғалған жасөспірімді іздестіруге төтенше жағдай қызметінің бірнеше арнайы техникасы, із кесуші ит ерткен төрт кинолог маман, қар шанаға мінген еріктілер – барлығы 110 адам, 26 техника қатысқан.
Іздеу шаралары тоғыз сағатқа созылды. Абырой болғанда, жасөспірім қарлы боранда жаяулатып отырып ауылдан 50 шақырым қашықта жатқан Шеминов елді мекенінің үстінен түскен.
– Боран күшейіп кеткендіктен қайтар жолды таба алмай қалдым, адасып жүріп 23:30-да Шеминов ауылына кірдім. Бірінші тұрған үйге кіріп, сол үйде жылынып, жан шақырдым, – деді К.Дукарт.
Жасөспірім осы үйден анасына қоңырау шалып, аман-есен екенін хабарлаған. Одан кейін келген еріктілер жасағы Кирилді үйіне дейін жеткізіп, ата-анасының қолына табыс еткен. Сол күні кезекшілік еткен медицина қызметкерлерінің сөзінше, жасөспірімнің қол-аяғын үсік шалмаған.
Қостанай облысы