12 Мамыр, 2010

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЖАНЫНДА КӨРСЕТІЛДІ Ұлы Жеңістің 65 жылды­ғына орай елордадағы “Дарын” рес­пуб­ликалық ғылыми-прак­ти­калық орталығы елдің ертеңі, жас ұрпақ­тың болашағы үшін қан­дарын төгіп, Отанын қор­ғаған ардагер­лермен кездесуді қазақтың Батыр қызы Әлия Молдағұлова ескерт­кішінің жанында өткізді. Бұл кездесуге қазақтың ар­дақты қыздарының бірі, про­фес­сор Шағила Құсанқызы, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы орде­нін омырауына таққан Жақан Сей­сенбаев, сол секілді еңбек ар­дагерлері Тұрсынбай Момын­құ­лов, Ілес Нұрғалиевтер қаты­сып, жастарға сұрапыл соғыс­тың оңай болмағанын әңгіме­леп берді. Елге қадірлі арда­гер­лер санаулы күннен кейін елор­дамызда басталатын, 110 мем­ле­кеттің талантты оқу­шылары қа­тысатын 51 халық­аралық мате­ма­тика олимпиада­сында жас­тар­ға жеңіс тұғырынан көрінуін тілеп, ақ баталарын берді. Ардагерлерге орталықтың ди­ректоры Тілдаш Битуова дастар­қаннан дәм татқызып, құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасаса, Астанадағы “Зерде” мектебінің оқушылары ата-апаларына әннен, күмбірлеген күйден, мың бұралған биден шашу шашты. Сүлеймен МӘМЕТ.