Президент • 10 Қаңтар, 2022

Президент: Қарулы оқиғалар бір орталықтан үйлестірілген

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға қарсы агрессия ұйымдастырушылар туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Президент: Қарулы оқиғалар бір орталықтан үйлестірілген

«Митингілер өтіп, олардың қатысушылары әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси талаптарды жариялады. Олардың барлығы естілді және мемлекет тарапынан орындалды. Үкімет отставкаға кетті. Автогаз бағасы бұрынғы деңгейде бекітілді. Біз әлеуметтік-экономикалық нақты шаралар кешені мен қоғамдық-саяси реформалардың нақты жоспарын қабылдау туралы жарияладық. Алайда Қазақстанға қарсы агрессия ұйымдастырушылары үшін бұл ешқандай маңызға ие болмады. Стихиялық наразылықты жамылып, жаппай тәртіпсіздік толқыны жайылып кетті», деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.

Президенттің айтуынша, діни радикалдар, криминалды элементтер, тонаушылар, бандиттер және басқа да ұсақ бұзақылар бір бұйрықпен бас көтергендей болды.

«Әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси талаптар кейінге ысырылды. Осыдан кейін өз сағатын күткен қарулы содырлар тобы әрекет ете бастады. Басты мақсаты да белгілі болды – конституциялық құрылымды бұзу, басқару институттарын құлату, билікті басып алу. Мұнда мемлекеттік төңкеріс туралы айтылып отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қарулы оқиғалардың бір орталықтан үйлестірілгенін айтты.