Әлем • 11 Қаңтар, 2022

ДДҰ дельтакрон штамының пайда болу себебін айтты

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове дельтакрон штамы секвенирлеу кезінде сынаманың ластануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін және екі нұсқаның қосындысы емес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ дельтакрон штамының пайда болу себебін айтты

ДДҰ өкілі дельтакрон штамы дельта және омикрон нұсқаларына қатысы жоқ деді.

«Бұл сөздер вирус/нұсқа тіркесімін білдіреді, бірақ бұл дельта және омикрон штамдарының қосындысы емес. Дельтакрон - секвенирлеу кезінде сынаманың ластануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін», дейді Ван Керкховен.

Бұған дейін Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің бір топ ғалымдары коронавирустың жаңа штамының пайда болғанын айтқан болатын. Мутация дельтакрон деп аталды, өйткені ол дельта және омикрон штамдарының гибриді деп есептелді.