Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Батыс Қазақстан облысында індет өршіп тұр

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 74 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Батыс Қазақстан облысында індет өршіп тұр

«Індет жұқтырғандардың 74 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек, Бөрілі ауданының тұрғындары арасында коронавирус көбірек анықталып отыр. Облыс қазір «сары» аймақта тұр. Егер аурушаңдық деңгейі өсетін болса, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шараларын күшейтуге тура келеді», деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Департамент басшысы өңірде вакцина қоры жеткілікті екендігін, індеттен құтылудың жалғыз жолы тұрғындардың уақтылы екпе алып, санитарлық талаптарды бұлжытпай сақтауы керектігін атап өтті.