Үкімет • 12 Қаңтар, 2022

Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу жолдарын атады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу жолдарын атады

«Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдануда», деп атап өтті министр.

Оның атап өтуінше, Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингін қамтамасыз ететін болады.

«Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша іс-шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі іс-шаралар уақтылы қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды», деді Бақыт Сұлтанов.