Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Жағдай қалыпты арнаға түсті

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен облыстың ТЖ бойынша коменданты, ПД бастығы Марат Төлебаев журналистермен брифинг өткізді. Олар алдымен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жағдай қалыпты арнаға түсті

Облыстағы жалпы ахуал тұ­рақты. Осы күндері өңірде бірде-бір адам зардап шеккен жоқ. Адам­­дардың жеке бостандығы мен мүлкіне қол сұғушылық та бол­ған емес. Тұрғындар тәртіп ен­гізу шараларына түсіністікпен қарап, қолдау білдіруде. Петропавл қала­сына кіретін күре жолдарға бес блок-бекет қойылған, ал жалпы об­лыс бойынша бұдан басқа 20 өт­кізу бекеті орнатылған. Осы күнге дейін блок-бекеттерде 17 мың бір­лік көлік тексерілді. Оның арасын­да Қазақстан аумағына өтуге сенімд­і негізі болмаған 451 көлік қайта­рылды.

Мемлекеттік органдар мен ма­ңызды нысандар штаттық режім­де жұмыс істеуде. Азық-түлік тап­шылығы жоқ, баға бір­шама тұрақты. Қ.Ақсақалов Сол­түстік Қазақстанда газ бағасы елдегі ең қымбат деген пікірді жоққа шығарды. «Біздегі газ бағасы Ақ­мола, Алматы, Қостанай, Қара­ғанды және Павлодар облыстарымен бірдей», деді ол.

Интернет облыста белгілі бір уа­қытқа ғана беріліп тұр. Әкім­­нің айтуына қарағанда, бұл бір­тіндеп ұзартылатын көрінеді. «Об­­лыста банкоматтарға ақша са­лу жұмыстары жүргізілуде, не­­гізгі банкоматтарда ақша бар. Қа­ла­дағы бірқатар супермаркетте арнайы желі арқылы ақшасыз тө­­­лемдер қабылданады. «Халық банк­тің» облыстағы бөлімшелері өз жұмысын бастады. Банктерге арнайы күзет қойылды», деді әкім.

Еліміздің барлық өңірі сияқты Солтүстік Қазақстанда да терроризмге қарсы сақтық операция­ла­ры жүргізілуде. Жалға бері­ле­тін барлық тұрғын үйлер тек­се­ріліп, олардың тұрғындары анық­­талуда. Әкім өзінің сөзінде ты­ныш­тықты сақтауға барлық тұрғынның қа­тысуын сұрады. «Ма­ңай­ла­ры­ңыз­да күдікті адамдар бай­қалса, дереу +7 778 363 3780 теле­фонына хабар­ласыңыздар», деді ол.

ТЖ енгізілгеннен бері полиция органдарына барлығы 255 адам жеткізілген болса, олардың 72-і – төтенше жағдай тәртіптерін бұзғандар. Солардың ішінде 34 жеке тұлғаға соттың шешімімен әкімшілік жауапкершілік жүк­тел­ді. Ал спирттік сусындар сатқан 4 заңды тұлғаға айыппұл салынды.

Қазір облыстық БАҚ арқылы коменданттық сағаттың тәртіптері мен маңыздылығы айтылып, комендант халықты құлақтандырып тұрады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы