Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022

Денсаулық сақтау министрі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

«Министрлік коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталғанын ескере отырып, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Оптимистік сценарий кезінде: ревакцинациямен 100 пайызға дейін қамтылғанда, профилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне 17,5 мың 17,5 жағдайға дейін тіркеледі», деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, реалистік сценарийге сәйкес ревакцинациямен 70 пайыздан аз қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі.

«Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40 пайыздан аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі», деді ол.