Үкімет • 12 Қаңтар, 2022

Әлихан Смайылов Қырғызстанның Премьер-Министрімен сөйлесті

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Қырғызстанның Премьер-Министрімен сөйлесті

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанда тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

«Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады», деді Ә. Смайылов.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.