Руханият • 12 Қаңтар, 2022

Қонаевтың қанатты сөздері

10891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахмет­ұлы Қонаевтың туған күні. Назарларыңызға еліне елеулі тұлғаның қанатты сөздерін ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz 

Қонаевтың қанатты сөздері

***  

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.

 ***

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

 ***

Жалада шындық болмайды.

 ***

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қал­ды­ру.

 ***

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

 ***

Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.

***

Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.

 ***

Орынды сын ойлантпай қоймайды.