Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022

Алматы оқушылары да онлайн оқитын болды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының оқушылары мен студенттері қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы оқушылары да онлайн оқитын болды

«Алматы оқушылары 31 қаңтарға дейін, ал студенттер 6 ақпанға дейін онлайн оқыту форматына көшеді», деп мәлімдеді Алматы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, мұндай шешім қаладағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты қабылданды.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының күрт өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтіледі.