Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

ТЖ режимін бұзған 51 қарағандылық ұсталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ коменданты Ерлан Файзуллин атап өткендей, өткен тәулікте тәртіп сақшылары 13 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖ режимін бұзған 51 қарағандылық ұсталды

ТЖ режимін бұзған азаматтарға қатысты барлығы 586 әкімшілік хаттама толтырылды. 51 адам әкімшілік қамауға алынса, 14 бұзушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан тыйым салынған 36 затты тәркіледі.

Мәселен, Балқаш блокпостынан 53 жастағы қала тұрғыны басқарған Land Cruiser автокөлігінен тегіс ұңғылы қаруға арналған 6 патрон табылды. Көлік иесіне қатысты азаматтық қаруға арналған патрондарды тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін хаттама жасалды.

Сондай-ақ ТЖ кезінде полиция қызметкерлері 16 бірлік тегіс ұңғылы қаруды, 6 пышақты тәркілеп, есірткі заттарын сақтаудың 8 фактісін анықтады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20