Президент • 12 Қаңтар, 2022

Президент:Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!

1277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттің басты міндеті - отандастарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету. Адал бәсекелестікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың басты құрамдас бөлігі, деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент:Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!

«Үкіметтің басымдығы ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету болуы тиіс. Мықты теңге мен инфляцияны төмендетпей тұрақты экономикалық өсу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және инвесторлар тарапынан сенім арту мүмкін емес. Өңірлік сәйкессіздіктерді еңсеру ерекше назар аударуды талап етеді. Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облыстарында әлеуметтік және мәдени даму үшін жағдай жасау керек. Өңірлерде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент өңірлер арасындағы даму алшақтығын еңсеруге баса мән беру керектігі туралы жазды.

«Жұмыспен қамту мәселесін шешіп, еліміздің барлық облысының әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасау керек. Аймақтарда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.

Жалпыхалықтық «Қазақстан Халқына» қоры азаматтардың нақты проблемаларын шешуге қызмет етеді. Қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмектесіп, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады. Алматыны қалпына келтіруге қаржы бөлінеді.

Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.