Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Жоғарғы Соттың судьясы Қанат Мусинді қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды

«Сіздің қарауыңызға Мемлекет басшысының Қанат Сергеевич Мусинді басқа лауазымға тағайындауға байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Мемлекет басшысының осы жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен Қанат Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды», деді Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Барлық депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Қанат Мусин әр жылдары Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан Әділет департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылы Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болып сайланды.

2021 жылғы қаңтарда VII шақырылым депутаттығына қайта сайланып, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды.

Еске сала кетсек, жуырда Қанат Мусин ҚР Әділет министрі болып тағайындалды.