Шымкент қаласында эпидахуалдың күрделенуіне байланысты мәжілістер мен іс-шараларды азайтып, жиналыстарды қашықтықтан өткізу шешімі қабылданды.
Еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен қатар, қаламызда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 221 жағдайы тіркелді. Шымкент бүгінгі таңда «қызыл аймақта». Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, вакцина алу аса маңызды.