Қаржы • 13 Қаңтар, 2022

Доллар бағамы төмендеді

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE  Қазақстан қор биржасының соңғы мәліметтері бойынша доллардың орташа бағамы 433,39 теңгені (-0,39) құрап, тағы 0,98 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Айырбастау пункттерінде долларларды 435 - 436,5 теңгеден, еуроны - 495 - 498 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5,85 - 5,95 теңге.

Сонымен қатар, 13 қаңтарда мұнайдың әлемдік бағасы да сауда-саттық барысында төмендей бастады.

Ақпан айында WTI мұнай фьючерстері 0,33%-ға төмендеп, барреліне 82,37 долларды құрады.

Ақпан айында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,41%-ға, яғни, барреліне $84,41-ға дейін төмендеді.