БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Арман Талғатұлы 1974 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын педиатрия мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Тасқала ауданы «Камен» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» МКҚК директоры, БҚО диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі, осы орталық директоры, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК директоры, «№4 қалалақ емханасы» МКК директоры және «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК директоры болып жұмыс істеді.
Күні бүгінге дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.