12 Мамыр, 2010

ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ – ТӘРТІП

1026 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Назарбаевтың би­ыл­ғы Жолдауы ішкі істер орга­н­да­рының қыз­метін жаңа тұрпатта қа­лып­тас­тыру міндеттерін қойды. Басты өлшем – жұмыстың түпкі нә­ти­же­сімен бағаланады. Жолдау қа­ғи­датта­рын түсіндіру және на­сихаттау жөніндегі республикалық ақ­па­рат­тық-насихат тобын бас­қа­рып келген Ішкі істер министрі С.Бай­ма­ған­бетов департаменттің жеке құра­мы­мен өткізілген кеңесте біздің алды­мыз­ға тұжырымды тапсырмалар қой­ды. Осыған сәйкес, облыс аума­ғын­да қыл­мыстың жолын кесу және аза­­мат­тар­дың конституциялық құ­қық­­тарын қамтамасыз ету ба­ғы­тын­да соны серпін танытатын боламыз. Талдамалы мәліметтерге жү­гін­сек, тіркелген қылмыстардың ашылу деңгейі 78,8 пайызға көтерілді. Онымен қоса, бұрынғы жылдардың қал­тарысында қалған 135 қылмыс ашы­лып, тергеу және сот орын­да­ры­нан бой тасалап жүрген 290 қыл­мыскер құрықталды және хабар-ошарсыз кеткен 154 адам табылды. Өткен жылы тергеу өндірісінде 7900-ға жуық қылмыстық іс болса, оның 5 мыңға жуығы соттың қарауына жолданды. Яғни, өндіріске алынған істердің сапалы әрі мерзімінде тер­ге­луіне қол жеткізілді деген сөз. Бір мысал келтіре кетейін. Көк­шетау қаласындағы 8 жасар бүл­дір­шін­нің өлімі жұртшылықты қатты алаң­датып еді. Кәнігі қылмыскерді құ­рықтауға көп күш-жігер жұм­са­лып, кәсіптік шеберлігіміз сынға түсті. Ақыры, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Облысымыз ауыл шаруа­шы­лық­ты өңір болғандықтан орын алатын қыл­мыстардың сипаты да осыған сәйкес келеді. Олардың бірі – мал ұр­лығы. Жалпы алғанда, мұндай қыл­мыстардың саны едәуір ке­мі­ге­ні­мен, бұл мәселе күн тәртібінен түс­пек емес. Сондықтан, жергілікті бас­шылармен, шаруа қожа­лық­та­ры­мен және ең бастысы, ауыл тұр­ғын­дарымен бірлескен шараларға ерек­ше назар аударудамыз. Ұрлықтың жолын кесу мақсатында ен-таңба салу, құжаттандыру мәселесіне, мал­дарды қараусыз қалдырмауға, бақташылармен келісім-шарт жа­сасуға айрықша мән берудеміз. Осы жылы Зеренді аудандық соты ірі көлемде жылқы ұрлаған Қоныспай ауылының тұрғыны Қ. деген азаматты 9 жылға бас еркінен айыруға үкім шығарды. Барым­та­шыны қолға түсіру оңайға түс­пе­ге­нін айту қажет. Із кесушілеріміз оны Шығыс Қазақстан облысының Қы­тай­мен іргелес таулы аудандарында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Тергеу барысында, баукеспенің соңғы екі жылда табыннан 150 бас малды қолды қылғаны анықталды. Бір өкініштісі, мал иелері осыған дейін дабыл қақпаған. Есірткі заттарын сақтау, оны тарату және саудалауға қатысты 393 қылмыс әшкереленсе, мұнан басқа 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, айыпкерлер жауап­кер­ші­лікке тартылды. Заңсыз ай­на­лым­нан 300 килоға жуық апиын тәр­кі­леніп, жойылды. Біз қылмыстарды әш­керелеп қана қоймай, алдын алу ша­раларын өткізуге ынталы болып отыр­мыз. Әсіресе, жастарды са­ла­мат­ты өмірге тәрбиелеу мақсатында мүдделі мекемелермен бірлесіп жоғары, арнайы орта оқу орын­да­рында, еңбек ұжымдарында түрлі акциялар, семинарлар, лекциялар, дөң­гелек үстелдер, байқаулар, спорт­тық және мәдени шаралар өт­кізілуде. Зиянды әдеттен аулақ болуға үндейтін көрнекіліктер, әд­е­биет­тер, ғылыми-танымдық бей­не­ролик­тер дайындалып, жұртшылық назарына ұсынылуда. Қоғамның тірегі – тәртіп. Ен­де­ше, оны қамтамасыз етуге тиісті ке­шенді күштерді, озық әдіс-тәсілдер мен техникалық құрылғыларды нығайта түсу қажет. Осыған орай, облыс орталығындағы патрульдік полиция қызметіне 148 штаттық бір­лік қосымша беріліп отыр. Қалалар мен аудан орталықтарында “Арлан”, “Сақшы” экипаждары қырағылық танытуда. Мақсат – қызмет көрсету аумағын кеңейту арқылы құқық бұ­зу­шылықтың алдын алуға, қыл­мыс­тар­дың ізі суымай ашылуына мүм­кіндік тудыру. Біз, сондай-ақ, Көк­ше­тау қаласында полицияның “Ква­драт” деп аталатын жаңа жұмыс әдісін қолға алдық. Осыған бай­ла­ныс­ты, жергілікті әскери бөлім­ше­нің жауынгерлері, ІІД аппаратының ж­е­дел қызметке жатпайтын қы­з­мет­керлері, мемлекеттік күзет қызметі басқарамасының және жеке меншік күзет фирмаларының өкілдері де кезекшілікке шығуда. Аталған тә­жі­ри­бенің қайтарымы ретінде көше қылмысының күрт кемігенін айтуға болады. Департаментімізде осыдан үш жыл бұрын жедел басқару орталығы іске қосылған болатын. Ал, бүгіндері көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау құралдары көптеп ор­натылды. Осының арқасында қаланың шеткері аймақтары да ба­қылауда ұсталып, оқиға орнына же­дел жетуге мүмкіндік туды. Мә­селен, осындай қырағы “көздердің” ар­қасында жүздеген құқық бұзу­шы­лықтың, 343 ауыр қылмыстың жолы кесіліп, 23 жол-көлік оқиғасын әш­ке­реледік. Жуырда, орталық базар аумағында кәсіпкердің кө­лі­гі­не оқ атылып, жарақат алғаны, қарақ­шы­лар 3,5 миллион теңге ақшасын ұрлағаны жөнінде хабар тарады. Шындығында, кәсіпкер қарызын жасыру мақсатында қитұрқылықты өзі ұйымдастырған. Қылмыстық әрекет жедел басқару орталығының экрандарында тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Ел тыныштығын сақтауда қо­ғам­дық құрылымдардың ықпалы ора­сан. Ерікті халық жасақшыларына қа­тысты үрдіс қайтадан жаң­ғыр­тыл­ды. Бүгінде облыс аумағында осын­дай 250 құрылым болса, олардың қатарында 1500-дей ерікті бел­сен­ділік танытуда. Әсіресе, елді ме­кен­дердегі “Сарбаздар” тобының, Бу­рабай ауданының Обалы ауы­лын­дағы ақсақалдар кеңесінің, Щучье қаласындағы индустриалды-педа­го­ги­калық колледжіндегі жастар жа­са­ғының, тағы басқа өзін-өзі басқару құрылымдарының жұмысы бас­қа­ларға үлгі боларлықтай. Ал, облыс орталығындағы Ш.Уә­лиханов, А.Мыр­захметов атындағы уни­вер­си­тет­тер, “Арна” және медициналық колледж сияқты бірқатар оқу орын­дарының студенттері биыл жедел отрядтарға бірікті. Мұндай құ­ра­малар тек көшелерде ғана емес, жастардың ойын-сауық орын­да­рын­дағы, жатақханалардағы, оқу орындарындағы тәртіпті қадағалауға ынталы болып отыр. Қоғамдық тәртіпті нығайтуда жаңадан құрылған консьержілер институтының орны бөлек. По­ли­ция­ның, нақтырақ айтқанда, учас­келік инспекторлардың сенімді кө­мек­шілеріне айналған олар өздері тұ­ратын көп қабатты үйлердің ау­ла­сын­дағы, дәліздеріндегі тәр­тіптің сақ­талуын қадағалаумен қатар, жұ­мысымыздың жеделдігін қамтамасыз етуге септесуде. Қоғамдық көмек­ші­лердің қатысуымен 280-нен астам қылмыс әшкереленіп, 1707 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Тәртіп күзетінде көзге түскен 618 азаматқа 3 миллион 100 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Ерікті тәртіп сақшыларының бір тобын жеке құрам алдында қоше­мет­теп, марапаттадық. Олардың қа­та­рында облысымыздың ауыл ай­мақтарынан келген Байдалы Бо­зым­баев, Қазыбек Зәкенов, Олег Ти­та­рен­ко, Кенжебай Матжановтар бар. Сандықтау ауданындағы Каменка ауыл әкімдігінің жастар ісі жөніндегі маманы О.Титаренко жергілікті учаскелік инспектормен бірлесіп та­лай игі істердің ұйытқысы болды. Ол ауыл жастарын белсенділікке ша­қы­ра отырып, бірнеше ұрлықтың ашы­луына ықпал жасады. Ал, зе­ренділік Байдалы Бозымбаев ауыл жастарын атқа қондырып, ара-тұра кездесетін келеңсіздіктердің жолын кесуде. Олардың ұсынысымен көп­ші­лік талқысына түскендер енді қай­тып заң бұзушылыққа жоламасы анық. Жалпы, қылмыс атаулымен кү­рес­те жұмыстың ашықтығы, қо­ғам­дық күштермен тығыз байланыс өзара сенім қалыптастырып, тиісті нә­ти­же­лерге бастайды. Билік тара­пынан жа­салып жатқан көмекке де ризамыз. Өткен жылы жаңа 60 авто­көлік пен қар үстінде жүретін 2 ұшқыр шана алсақ, қала көшелеріне қосымша 8 бей­небақылау орнатуға қаржы бөлінді. Сонымен бірге аудандық бөлімдермен шұғыл байланысты қамтамасыз етуде за­манауи ІP байланыс жүйесі енгізілді. Мұның тиісті қайтарымы бола­тын­дығы сөзсіз. Тілеген МӘТКЕНОВ, Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі. Ақмола облысы.