Президент • 14 Қаңтар, 2022

Президент ұсталғандардың қылмысы ауыр болмаса, жазаны жеңілдетуді тапсырды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ұсталғандардың қылмысы ауыр болмаса, жазаны жеңілдетуді тапсырды

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн», деп жазылған Президенттің туиттердегі жазбасында.