Елде жаппай тәртіпсіздіктер басталғаннан бері прокуратураға құқық қорғау өкілдерінің әрекетіне байланысты 32 арыз түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев осындай мәлімет айтты.
«Бүгінгі таңда тергеу жедел топтары 546 қылмыстық істі тергеуде. Оның ішінде 44-і терроризм актілері, 34-і жаппай тәртіпсіздіктер, 15-і адам өлтіру бойынша. Уақытша ұстау изоляторына қылмыс жасады деген 672 күдікті ұсталды. Оның 446-сы соттың санкциясымен қамауға алынды. Құжаттарды тексергеннен кейін және ұстауға негіз болмағандықтан прокуратура органдары 100-ден астам азаматты босатты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдар жүргізілуде. Қылмыстық процестер азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және басқа да құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен өзара әрекеттесу мәселелері шешілді. Оларға жеткізілген және ұсталған адамдарды ұстау орындарына кіру қамтамасыз етілді. Сол арқылы заңсыз күш қолдану, медициналық көмек көрсетпеу және қорғаушыларды кіргізбеу жағдайларына тәуелсіз тексеру жүргізіледі», деді Серік Шалабаев.
Сондай-ақ, ол әділетсіздікке тап болдым деп есептейтін тұрғындардың қайда хабарласу керек екенін түсіндірді.
«Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп уақтылы және білікті заң көмегін көрсету мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта прокуратураға құқық қорғау органдарының әрекетіне 32 арыз келіп түсті. Бұл өтініштер тексерілуде, тиісті шаралар қабылданады. Егер азаматтар өз құқықтары бұзылды деп есептесе, Бас прокуратураға «115» нөмірі бойынша немесе тікелей аумақтық прокуратураларға хабарласа алады», деді Бас прокуратура өкілі.
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар