Оқиға • 16 Қаңтар, 2022

Павлодардағы екі қабатты дәмханадан өрт шықты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты. Өрт салдарынан нысанның шатыры қирады. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодардағы екі қабатты дәмханадан өрт шықты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 16 қаңтарда сағат 9.03-те келіп түскен.

«Павлодарда Северная өндірістік аймағы 600 мекенжайындағы екі қабатты кафе ғимаратында ағаш конструкциялар толық жанып кетті. Өртенген аумақ 300 шаршы метр»,  деді ведомство өкілдері.

Өртенген кафе қонақ үй кешенінде орналасқан. Ресми мәлімет бойынша, өртсөндірушілер келген кезде бөлмеде қонақтар болмаған. Өрт сөндіру жасақтары келгенге дейін жанып жатқан ғимараттан 5 адам эвакуацияланды. 

«Өрт сағат 10.53-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Нысан иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды»,  деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Өртті сөндіру үшін оқиға орнында штаб құрылып, өрттен келген залалесептеліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге облыстық ТЖД мен Апаттар медицинасы орталығының 35 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылған.