Аймақтар • 17 Қаңтар, 2022

Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Полиция департаменті заңсыз қару сақтаған азаматтарға қаруларын жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілгенін мәлімдеді, Egemen.kz.

Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», делінген хабарламада.  

Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77