Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Кәсіпкер сыйлаған көлік

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қиналған жанға қайырымдылық танытып жүрген атыраулық кәсіпкердің қатарында Әділ Жұбанов та бар. Ол жақында Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Кәсіпкер сыйлаған көлік

Биылғы қаңтардағы бей­біт шерудің соңы жан күй­зелтер оқиғаға ұласты. Кә­­сіп­керлік нысандары, поли­ция мен жедел жәрдемнің кө­лік­тері бүлінді. Шағын және орта бизнес саласы қыруар шы­ғын­ға ұшырады. Осыған орай Президенттің «Күшіміз – бірлікте!» деген үндеуіне қолдау білдіруді жөн көрдім. Сол себептен, отбасымның атынан Алматыдағы ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйлауға ұйғарым жасадым, – дейді Әділ Жұбанов.

Оның айтуынша, жедел жәр­дем көлігі гемодиализден амбулаторлық ем алатын па­циенттерді тасымалдау үшін қолайлы болмақ.

 

Атырау облысы