Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген сөз жыл сайын желтоқсанның соңына қарай көп үйдің төрінен жалт-жұлт еткен жасыл шыршаға да қатысты айтылса керек. Мерекенің мәнін, шаңырақтың сәнін кіргіземіз деп табиғаттың тәнін жаралап жатқанымызды ескермейміз. Рас, соңғы жылдары біраз жұрт жасанды шыршаға көшкенімен, енді өсіп келе жатқан жасыл желекті аяусыз шауып, пайдаға кенелгісі келетіндер де азаймай тұр.

Мұның бір дәлелі, Қостанайда жаңа жыл қарсаңында саудаға шығарылған мыңдаған шырша сатылмай қалды. Саудасы жүрмеген алыпсатарлардың кейбірі өтпей қалған шыршасын, тіпті, сатып тұрған жеріне тастап кеткен.
Облыс аумағындағы ормандардан шырша шабуға тыйым салынған соң, Қостанайға жасыл желектер бірталай жылдан бері Ресей ормандарынан әкелініп жүр. Экологтердің айтуынша, өткен желтоқсанда кәсіпкерлердің 10 мың шыршасы өтпей қалған. Жасыл тауардың өтпей қалғанына алыпсатарлардың қомағайлығы себеп болған сияқты, өйткені қала тұрғындары әдетте әрі кетсе 1500-2000 теңгеге сатып алатын жаңажылдық шыршаның әр түбі өткен жылдың соңында 4 мыңнан басталып, 8 мың теңгеге дейін бағаланды. Салдарынан, қаланың әр жерінде тамырсыз шыршалар үйіліп қалды.
Шыршалардың өтпей қалғаны бар, тұрғындардың ауладағы қоқыс орындарына шығарып тастағаны бар, «Тазалық-2012» серіктестігі мен экологтер бірлесе отырып, қала бойынша түгелдей жинап, бәрін өңдеуге жібермек. Аталған серіктестіктің күрек, сыпыртқы сабын жасайтын арнайы ағаш өңдеу құрылғысы бар.
– Сол жерге жинаймыз. Шыршаның жасыл қылқандарын да кәдеге жаратуға болады. Оны қаптап, бау-бақша егетін тұрғындарға таратып береміз. Тәжірибелі бағбандар мұны жазғытұрым суға салып қояды, біраз уақыт өткен соң, суға бөккен қылқан таптырмайтын тыңайтқышқа айналады. Мұның сыртында, биыл тиісті орындарға Ресейден шырша әкелуді тоқтату туралы ұсыныспен шығайық деп отырмыз. Қазақстанда коммерциялық мақсатта ағаш кесуге тыйым салынғандықтан, шыршаның бәрі Ресейден жеткізіледі. Ең болмаса, сырттан әкелінетін шырша санын мейлінше азайтуға тырысамыз. Өйткені өспей жатып балта шабылған қаншама жасыл желек тектен-текке күресінге тасталады. Бәрі табиғат ананың байлығы ғой. Байғұстарға тіл бітсе, олардың жанұшыра шырылдаған даусынан құлақ тұнып қалар ма еді, – деді экобелсенді Наурызбай Бірмағанбетов.
Иә, шыршалар шырылдамайды. Ал қар етегі түріліп, нақышы ерек наурыз жеткенде Шығыстағы жұрт таңмен таласа тұрып, ұлыстың ұлы күнін тал егуден бастайды.
Қостанай облысы
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар