Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары кіреберістен дала құсын көріп, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Бірақ қаршығаның көлік қозғалысы мен шуы көп қалаға қайдан, қалай келгені белгісіз. Әлде біреудің қолға үйреткен құсы ма?
«Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне 14 қаңтарда тұрғындардан шағым түсті. Шақырту орнына келген құтқарушылар тұрғын үйдің кіреберісіндегі дала құсының қаршыға екенін анықтады. Құтқарушылар өздігінен далаға шығар жолды таба алмаған қаршығаны ұстап алып, еркіндікке жіберді», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облысы