Қоғам • 18 Қаңтар, 2022

Төтенше жағдай кезінде тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге сыйақы беріледі

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге сыйақы берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге сыйақы беріледі

«Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі 3 іс-шара бойынша негізгі орындаушы. Бірінші – әскери даярлықты және қамтамасыз етуді арттыру, әскери қызметшілердің моральдық рухын көтеру бойынша шаралар қабылдау. Ең алдымен, Арнайы бөліністердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарлануда. Жалпы, материалдық базаны нығайту үшін Үкімет резервінен қаржы бөлінген», деді Е.Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жеке құрамның әскери рухын көтеру бойынша отанды сүюге, қызметтік міндетке адал болуға тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылды.

«Ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылады. Мысалы, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, ал курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар берілді. Жалпы, жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын», деді министр.