Қазақстан • 18 Қаңтар, 2022

Алматыда қалың тұманнан әуе рейстері шегерілуде

5831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыны қалың тұман басты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде суреттерді бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қалың тұманнан әуе рейстері шегерілуде

18 қаңтарда таңертең Алматыны тұман басты. Бұл ретте қолайсыз ауа райы қаланың кей бөлігінде ғана байқалады.

Бүгін ондаған рейс ұшуға дайындалған. Сондай-ақ дәл осындай мөлшерде рейстер қонуы керек болған.

Қазіргі сағатта Fly Arystan әуекомпаниясының Қостанайдан келетін бір рейсі шегерілгені белгілі болды.

Сондай-ақ Алматыдан ұшатын 11 халықаралық және ішкі рейс уақытынан кешігіп жатыр. Олардың бірін Fly Arystan, екіншісін Fly Jet, ал қалғандарын Air Astana орындайды.

Әуеайлағының ресми сайтында рейстердің ұшуы мен қонуы жағдайын онлайн бақылауға болады.