Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Алматыда коронавирус жұқтырған 144 бала емделіп жатыр

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 090 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда коронавирус жұқтырған 144 бала емделіп жатыр

17 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 198 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 193, келіп түскені – 199.

«Инфекциялық стационарларда 1 096 адам бар (төсек-орын - 2380). Оның ішінде 144 бала емделіп жатыр», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 61 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 045 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5736 науқас.

309 адамда коронавирус белгілері жоқ.