14 Наурыз, 2014

Америкалық азамат 26 жылдан кейін ақталып, түрмеден шықты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-03-14-amerikanets-1

Өзіне кесілген өлім жазасын 26 жылдан бері күтіп отырған Гленн Форд есімді америкалық азамат ақталып, түрмеден біржола босап шықты. Бұл туралы Правда.Ру хабарлады. «Алпыс төрт жастағы Гленн Форд 26 жылдан бері өлім жазасын күтіп келіп, соттың ақтауымен түрмеден шықты. Луизиана түрмесіне Форд 1983 жылы зергер әрі сағат жөндеуші Изидор Ройзманды өлтірді деген айпыпен түскен еді. Форд марқұммен достық қарым-қатынаста болған екен. Ол өзінің бұл өлімге қатысы барын ұдайы жоққа шығарып келді. Алайда, сот соған қарамастан, Фордты өлім жазасына кесті», - делінген хабарламада. Қылмыстық істі тексеру барысында тергеушілер куәларды да, қылмыс қаруын да таба алмапты. Ал құрамында бірде-бір афроамерикалық болмаған алқабилер соты қара нәсілді кісіні кінәлі деп тапты. Форд өлім жазасын 1988 жылдан бері күтіп келеді. Тек жақында ғана оның адвокаттары өз қорғаушыларының өлім оқиғасы орын алған кезде зергердің үйінде болуы мүмкін емес екенін дәлелдеп бере білді. Бірақ нағыз қылмыскерді үркітіп алмас үшін оның жай-жапсары әзірге ашылып айтылып отырған жоқ. Бостандыққа шыққан бойда Гленн Форд өзін тағдыры мен адамдар алдап кеткендей сезінетінін мәлімдеді. Енді өзінің осы жылдардағы азабы мен жазасы үшін 300 мың доллар көлемінде өтемақы өндіріп алмақшы болып отыр. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Правда.Ру. Фото: ИТАР-ТАСС.