Қазақстан • 18 Қаңтар, 2022

Еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтарда, яғни сағат 00:00-ден бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады

Бұған дейін Президенттің Жарлықтарына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, т.б. қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.

«Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли  өзінің Facebook парақшасында.