Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022

«Қазақфильм» оннан астам көлігін сатуға мәжбүр болды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) 2019 жылғы желтоқсанда жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдарының активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақфильм» оннан астам көлігін сатуға мәжбүр болды

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында «Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» АҚ-ның активтерді тиімсіз басқарғаны анықталды. 

Осыған байланысты, «Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» АҚ  автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану немесе сату жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. 

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін АҚ аукциондық сауда-саттық жолымен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 12 көлік құралын сатты.