Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында отандық аграрлық ғылымның жай-күйі, сондай-ақ, оны одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. А.Күрішбаев университеттің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері және жоғары оқу орны арқауында халықаралық аграрлық зерттеу университетін құру жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының іске асырылуы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жеткілікті көлемде жер және адам ресурстары бар екеніне қарамастан, елімізде ауыл шаруашылығы саласы тиісті қарқында дамымай отырғанын айтты.
– Біз ауа райы қолайлы, жауын-шашын қажетті мөлшерде болғанда ғана мол астық жинаймыз. Әрине, ауыл шаруашылығында өнімділік бұрынғы жылдармен салыстырғанда, айтарлықтай артты, бірақ әлі де бұл бағытта белсене жұмыс жүргізу міндеті тұр. Мемлекет осы міндеттің орындалуына едәуір ресурстар бөлуде, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде сыннан өткен әлемдік технологияларды пайдаланған жөн екенін, оларды Қазақстан жағдайын ескере отырып енгізу қажеттігін айтты.
– Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында жұмысты көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен бірге, «ҚазАгроИнновация» жүргізуде және мемлекет оның жұмыс істеуі үшін жыл сайын айтарлықтай қаражат бөліп келеді. Алайда, осынау зерттеу құрылымдары мен фермерлер арасында тиісті деңгейдегі өзара іс-қимыл жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында А.Күрішбаев аграрлық зерттеу университетін құру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс, басқару жүйесі мен білім беру үдерісін реформалаудың басталғаны туралы хабарлады. Бұған қоса, шетелдердің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнап, қанатқақты халықаралық зерттеу бағдарламалары дайындалды.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05