Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;

Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз», деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

 

Соңғы жаңалықтар