Оқиға • 19 Қаңтар, 2022

Алматыда ұялы телефондар орталығын тонағандар ұсталды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ұялы телефон орталығын тонағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ұялы телефондар орталығын тонағандар ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері 22 телефон ұрлаған төрт адамды ұстады. Оларды «Әйгерім-2» шағынауданындағы жалдамалы тұрғын үйде ұстады.

Ұсталғандар ішінде ең үлкені 29 жаста, ал кішісі 24 жаста. Олар - Алматы облысының тұрғындары. 6 қаңтарға қараған түні қылмыстық топ ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркалы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.