Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022

Қостанай облысында карантин шектеулері күшейтіледі

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы бас санитар дәрігерінің карантин шектеулерін күшейту туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында карантин шектеулері күшейтіледі

«Халықтың қоғамдық көліктегі байланыстарын азайту үшін ұйымдар (кәсіпорындар) жұмысының сараланған кестесін енгізу жөнінде шаралар қабылдансын», делінген қаулы жобасында.

Сондай-ақ форумдарды, конференцияларды, семинарларды, ойын-сауық, мерекелік, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және ашық ауада да, үй ішінде де адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынбақ. Ондай шараларды өткізу үшін жеке үйлер мен ғимараттарды жалға алуға да тыйым салынып отыр.

«Вакцинациядан өткен 10 адамнан аспайтын қатысушылармен жеке кездесулер, сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30 адамға дейін келушілермен еске алу өткізуге рұқсат етіледі»», деп жазылған қаулы жобасында.

Сонымен бірге, қаулы бильярд, кальян, компьютерлік клуб, боулинг, батут, балалар ойын алаңы және жабық үй-жайлардағы аттракцион сияқты ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің қызметін тоқтата тұруды көздейді.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан көрмелердің, түнгі және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынады. Ал караоке қызметіне де ішінара шектеу енгізіліп отыр.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, театрлардың, мәдениет үйлерінің, концерт залдарының, филармониялардың жұмысына тыйым салынды.

«Ashyq» жобасына қатысатын кинотеатрлардың толымдылығы 30%-дан аспауы керек. Діни объектілерге тек жекелеген адамдарға ғана қызмет көрсетуге рұқсат берілген.

Нысан «Ashyq» жобасына қатысатын банкет залы типінде жұмыс істей алады.