Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022

Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сотта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

«Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Тыңдау ашық режимде өткізіледі. Экс-министрге қатысты қылмыстық іс Нұр-сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түсті.

Еске сала кетсек, Біртановтың ұсталғаны 2020 жылдың қараша айында белгілі болды. 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғаны туралы жарияланды.

Е. Біртанов пен оның орынбасары О. Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Бүгінгі таңда платформа жұмыс істемейді. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн АҚШ долларын немесе 1,5 млрд теңгені құрайды.