Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022

Қызылорда облысында 9 әкімшілік ғимарат бүлінген

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан залал келтірілген 9 әкімшілік ғимаратын қалпына келтіру жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында 9 әкімшілік ғимарат бүлінген

Төтенше жағдайға байланысты бүгінде облыста зардап шеккен әкімшілік және кәсіпкерлік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Облыс әкімінің және аумақтық коменданттың бұйрықтарына сәйкес бұл мақсатта облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына тиісті тапсырмалар берілген.

«Күшейтілген жауынгерлік қызметтегі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскерилер қаңтардың 7-19 аралығында 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қала аумағында өртенген көліктерді арнайы тұраққа тасымалданды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан залал келтірілген 9 мемлекеттік әкімшілік мекеме ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, ғимарат іштерін өрт қоқыстарынан тазарту, жарамсыз есіктер мен терезелерді ауыстыру, қабырғаларды ыстан тазарту, қайта сылау жұмыстары атқарылуда», деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.