Елорда • 20 Қаңтар, 2022

Елордалық 222 мыңнан астам тұрғын жол ақысын төлемеген

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде өткен жылы жол ақысын төлемеген 222 мыңнан астам адам анықталды. Бұл жайында «City Transportation Systems» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық 222 мыңнан астам тұрғын жол ақысын төлемеген

Аталған деректерді қалалық Көліктік бақылау департаменті Facebook-парақшасында жариялады.

Компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, таратылған ақпаратта Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.