Экономика • 21 Қаңтар, 2022

Президент әртараптандырылған экономиканың құрылмау себебін айтты

1288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті бизнес өкілдерімен кездесуінде әртараптандырылған экономиканың құрылмау себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент әртараптандырылған экономиканың құрылмау себебін айтты

«Өткенімізге қарасақ, біз екі экономикалық бетбұрысты шартты түрде ажырата аламыз. Біріншісі – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Бұл ретте еліміз ауыр күйзелістер мен жоғалтуларға ұшыраса да қажетті реформаларды жүргізе отырып, орнынан көтеріле алды. Экономика бейімделді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы осыдан кейін отандық кәсіпкерліктің жаңа класы дүниеге келгенін сөз  етті.

«Екінші бетбұрыс 2000 жылдардағы тауар суперциклімен байланысты болды. Экономика жаһандық үдерістерге кірігуге мүмкіндік алды. Шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалды. Бұл елге, ең алдымен, тау-кен өнеркәсібі мен банк секторына ірі қаражатты тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржылар қазақ экономикасын нәрлендіріп, оған тұрақтылық беріп, әлеуметтік-бағдарлы мемлекет құруға мүмкіндік жасады. Біз сыртқы шикізаттық игіліктің ел ішіне қарғыс болып енгенін аңғармай қалдық. Біз трансформацияларда аз мобильді бола бастадық, сапалы қайта құрулар осындай өзгерістерге қарсы шыққан әртүрлі топтардың мүдделеріне тап болды. Салдарынан біз әртараптандырылған экономиканы құрған жоқпыз», деді ол.