Нұр-Сұлтан қаласының Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Оңтүстік-Шығыс елді мекенін одан әрі дамыту және абаттандыру туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордамыздың аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша тұрғындармен тұрақты кездесіп тұрамыз. Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асқан жұмыстарымызды және одан әрі даму жолымызды талқыладық.
Бұған дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғындары әлеуметтік нысандардың қажеттілігі туралы проблема көтерген болатын. Тиісті жұмыстар орындалған соң биыл Жерұйық-2 саябағы аумағында мектеп пен балабақша құрылысын бастаймыз», деді елорда әкімі.
Бұдан бөлек, көктемде Алматы ауданында жұмыс істейтін жастарға арналған тағы бір қолжетімді тұрғын үй құрылысы аяқталатынын және елді мекендерде биылдың өзінде 4 мектеп салу жоспарланып отыр.
«Өткен жылдардағыдай жолдар мен аулалардың, сол сияқты қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысына ерекше назар аударамыз. Мысалы, Бурабай көшесінен Есіл көшесіне дейін, сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесінде үлкен гүлзарлар саламыз, онда балалар да, үлкен кісілер де уақытын көңілді өткізетін болады.
Оңтүстік-Шығыс елді мекенін қауіпсіздендіру әрі тұрғындарға жайлы болуы үшін толықтай жарықтандырамыз.
Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі көгілдір отынға қосылды. Өздеріңіз білетіндей, ірі елді мекендердің бірі – Оңтүстік-Шығыс қаламыздағы түтіннің негізгі көздерінің бірі болып саналады. Газ тарату желілерін біз 9 елді мекенге орнаттық. Осы мақсатта 680 км-дан астам газ тарату желісі салынды. Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, бұл бастама қала тұрғындарының өмір сүруін барынша қолайлы етуге, сондай-ақ қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендеріміз жүйелі түрде дамып келеді. Қаламызға қарасты 16 елді мекен бар. Мәселен, елді мекендерге 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды. Екі жыл ішінде 160-тан астам көше салынды, әлеуметтік нысандар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер желісі айтарлықтай кеңейтілді», деп жазды елорда әкімі.
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар