Аймақтар • 21 Қаңтар, 2022

Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданындағы жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі жалғасуда

 Әкім «Құрсай» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, әрбірінің сұрағына нақты жауап берді. 

Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында жарық қосу, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер бар. Сонымен бірге олар елді мекенді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын да айтты. 

Алдағы уақытта елдімекен тұрғындарымен бетпе-бет тұрақты кездесіп тұратынын айтқан қала басшысы мұндай кездесулер халықтың қажеттіліктері ескеріліп, шағын аудандардың дамуына оң ықпал ететінін жеткізді. 

в

Кездесуде айтылған өтініштер мен сауалдар бойынша қала әкімі аудан әкімі мен сала жетекшілеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Бүгінде «Құрсай» шағын ауданында және 282, 283 орамда инфрақұрылым жүйелерімен қамту, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  Шағын ауданда 1480 үй (80%) ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда «Реголит» ЖШС шағын ауданда және 282, 283 орамда ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың төртінші маусымында аяқтау жоспарлануда. Шағын ауданға электр жарығы және табиғи газ толық жеткізілген. 

в

Сонымен бірге Қарнақ көшесі мен осы көшенің 4 тұйығына асфальт төселеді. Және Жеті жар мен З.Сатқанбайұлы көшесі жарықтандырылады. Бюджет есебінен 3 спорт және балалар алаңшасы салынады. 2021 жылы   сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станция орнатылды.