Үкімет • 22 Қаңтар, 2022

Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келген залалды өтеу жұмысын тездетуді тапсырды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді,деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келген залалды өтеу жұмысын тездетуді тапсырды

Елде болған тәртіпсіздіктер кезінде 351 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті, оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Оның ішінде 8 өңірдегі 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар.

Олар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында.