Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI-ке сенім грамоталарын тапсырды.
Ал Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Тұматов Ирак Республикасының Президенті Бархам Салихке оны мемлекетіміздің Бағдадтағы Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде аккредиттейтін сенім грамоталарын тапсырды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Дания Патшайымы Маргрета II-ге сенім грамоталарын табыстады.