Футбол • 23 Қаңтар, 2022

«Тобыл» мен «Қайрат» ресейлік клубпен ойын өткізеді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Премьер-лигасында бақ сынайтын «Сочи» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық матч өткізетін қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Тобыл» мен «Қайрат» ресейлік клубпен ойын өткізеді

Жоспар бойынша 14 ақпанда «Сочи» Қазақстанның қазіргі чемпионы қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. Ал 18 ақпанда Қазақстан кубогының жеңімпазы «Қайратпен» матч өткізеді.

«Сочи» қазір 18 матчтан кейін 31 ұпай жинап, Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.