Қарағанды облысында жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударыла бастады. Бұл шаруа әуелі Қарағанды мен Теміртау автопарктерінен басталмақ.

Жасыратыны жоқ, аталған салада шешілмеген мәселелер көп және олар біраз уақыттан бері күн тәртібінде өткір тұр. Мәселен, монополистер қит етсе субсидия мөлшерін арттыру жөніндегі әңгімені жөн-жосықсыз қозғай беретін. Енді олар қызмет көрсету сервисінің деңгейін жоғарылатпайынша, бұл туралы ауыз аша алмайды. Бұл турасында облыс әкімдігінде өткен онлайн-кеңесте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек айтты.
– Жолаушылар тасымалы сапасына қатысты шағымдар өте көп. Тұрғындар әлеуметтік желілерде жазады. Маған тәртіп орнату туралы өтініштер келеді. Автобустардың жетіспеуіне, кестенің сақталмауына, жүргізушілер мен кондукторлардың дөрекілігіне, санитарлық талаптардың бұзылуына шағымданады, – деп кемшіліктерді жіпке тізді облыс әкімі.
Қарағандыдағы ең ірі тасымалдаушының бірі – №3 автопарк директоры Артур Григорян кәсіпорынның бірқатар проблемасын тілге тиек етіп ақталғанымен, айтылған сынмен келіспеске амалы қалмады.
– Қызмет көрсету мәдениетіне келетін болсақ, біз мұны білеміз. Күн сайын, ай сайын біздің кәсіпорын бойынша елуге жуық шағым түседі. Бірақ бұл жерде ешкімді ақтағым келмейді. Шағымдардың санын азайту керек, – деді ол.
Аталған автопарк директорының айтуынша, автопарккке еңбекақысы аз болғандықтан жүргізушілер келмейді. Бұдан өзге пандемия кезінде жолаушылар саны азайып кеткен. Сәйкесінше, амортизациялық шығындар өсе түсті.
Онлайн-кеңесте жүргізушілердің жетіспеушілігі және субсидиялар мөлшерін арттыру қажеттілігі туралы Қарағанды мен Теміртаудың басқа тасымалдаушылары да айтты. Бұған облыс әкімінің берген жауабы нақты әрі қатаң болды.
– Біз субсидияларды көбейтеміз. Бірақ сіздер сапалы қызмет көрсетіңіздер және автобустарды жаңарту бойынша міндеттемелер алыңыздар! – деді ол.
Еске салар болсақ, былтыр Саран қаласында шығарылатын отандық өндірістің 40 жаңа автобусы пайдалануға берілген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Теміртауда – 20, Жезқазғанда – 20 және Саранда дәл осындай 11 автобус жолаушыларды тасып жүр.
Бүгінде Қарағанды қаласында электронды төлем жүйесін енгізілгенін айта кеткен ләзім. Қазіргі уақытта 160 мыңға жуық ONAY! картасы сатылыпты. Қала әкімі Ермағамбет Бөлекпаевтың айтуынша, қолма-қол ақшасыз төлем бүгінде айналымның төрттен бір бөлігін құрап отыр.
Қарағанды облысы
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар